Туризмді дамыту бөлімі
Жалпы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының туризмді дамыту бөлімі туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырумен, туристік қызметті үйлестірумен, туристік қызмет нарығын талдаумен және аймақтың туристік ресурстарын қорғаумен айналысады. Бөлім туристік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдеседі, балалар мен жасөспірімдер туристік лагерьлерін қолдайды, туристік бизнестің субъектілеріне әдістемелік көмек көрсетеді және халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында кәсіпкерлікті дамытуға ынталандырады.