Кәсіпкерлікті және сауданы дамыту бөлімі
Бөлімнің міндеттері өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде стационарлық сауда объектілерін дамыту үшін іс-шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; көрме-жәрмеңкелік қызмет жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады; халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардан көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру.