Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының әлеуметтік саланың шығыстарын жоспарлау бөлімі

    Об отделе

    Әлеуметтік саланы дамыту бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері: облыстың денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, мұрағат істері мен ақпараттық кеңістігін ұстауға, алдағы қаржы жылына және алдағы үш жылдық кезеңге облыстың әлеуметтік бағдарламаларын іске асыруға арналған шығыстарды жоспарлау: облыстық бюджеттен қалалар мен аудандар бюджеттеріне нысаналы трансферттердің көлемі бойынша ұсыныстар әзірлеу, аудандар мен қалалар бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің болжамды көлемін бөлу; әлеуметтік саладағы мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру; халықты әлеуметтік қорғаудың өңірлік саясатының, кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламаның, Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асырудың, аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік атаулы көмек көрсету және жергілікті бюджет қаражатынан заңнамада көзделген басқа да төлемдер мәселелері жөніндегі бағдарламаның орындалуын бақылау; облыстың ауылдық елді мекендеріндегі әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін мамандардың қажеттілігін жоспарлау; ағымдағы жылғы облыс бюджетін әлеуметтік салада нақтылау (түзету); бөлім қызметкерлері лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес функционалдық міндеттерін орындауға, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін, Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының Регламентімен қабылданған өндірістік және еңбек тәртібін сақтауға міндетті; бөлім қызметкерлері өздерінің лауазымдық функцияларын жүзеге асыру және басшылықтың тапсырмаларын орындау үшін облыстық басқармалардан және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен материалдар сұратуға құқылы.