Өңірлерді дамыту бөлімі
Облыс өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау, жетекшілік ететін бағыттар бойынша облыстың стратегиялық даму құжаттарын әзірлеу шеңберінде болжамды көрсеткіштер мен индикаторларды қалыптастыру. Ауылдық жерлерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға өңірлерде әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруды үйлестіру. Бағдарламалық құжаттар шеңберінде өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу бойынша жергілікті өзін-өзі басқаруға қаржылық қолдау көрсету жөніндегі іс-шараларды өңірлерде іске асыруға қатысу. Жетекшілік ететін салалардың бюджеттік өтінімдерінің жобаларын стратегиялық құжаттарға, бюджеттік және өзге де заңнамаға сәйкестігін қарау және оларға қорытындылар дайындау. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аналитикалық анықтамалар, материалдар, ақпараттар дайындау.