Өңірлік ғылымды дамыту бөлімі
Міндеті:
1) өңірде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындау;
2) өндірістік және қайта өңдеу саласында іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруды ұйымдастыру;
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдем көрсету;
4) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілері қызметінің көрсеткіштерін талдау және мониторингілеу;
5) өңірлік ғылым мәселелері бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын, облысты дамыту Бағдарламасын, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
Функциялары:
1) өңірлік ғылымды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
2) бөлімнің құзыреті мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламалардың, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуы бойынша ақпарат пен есептерді дайындау;
3) өңірлік ғылымды дамыту мәселелері бойынша қалалық және аудандық атқарушы органдармен, облыстық басқармалармен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, мемлекеттік кәсіпорындармен, акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалармен, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен, «Ғылым қоры» АҚ, «ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы» КЕАҚ, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, облыс кәсіпорындарымен, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және басқа да орталық органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
4) жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын, ұсыныстары мен өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;
5) өңірлік ғылымды дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің және өзге де құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
6) Қостанай облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын, бөлімнің құзыретіне кіретін бөлімдер бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысу;
7) өңірдің ғылымын дамытудың басым бағыттарын айқындау бойынша жұмыс жүргізу;
8) ғылым және технологиялар жөніндегі өңірлік кеңестің қызметін ұйымдастыру;
9) қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша конкурсқа конкурстық құжаттаманы әзірлеу;
10) аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының мемлекеттік гранттар беруге арналған өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
11) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша жұмыс жүргізу;
12) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің жұмысына талдау және мониторинг жүргізу;
13) өңірлік және Республикалық маңызы бар жәрмеңкелерге, көрмелерге, форсайт-сессияларға, хакатондарға қатысу және ұйымдастыру мәселелері бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен, облыс кәсіпорындарымен жұмысты жүзеге асыру;
14) интернет-ресурстарды қоса алғанда, өз қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастыру;
15) жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыру мақсатында мүдделі органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.