Кәсіпкерлікті дамыту бөлімі
«Маңғыстау облысы кәсіпкерлік |
және сауда басқармасы» ММ |
басқарма басшысының |
2025 жылғы 13 наурыздағы |
№ 01-14/11 бұйрығымен |
БЕКІТІЛДІ |
1 қосымша
Кәсіпкерлікті дамыту бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1.1. Кәсіпкерлікті дамыту бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Маңғыстау обласының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сонымен қатар, осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.
1.4. Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері жоқ.
2 тарау.Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2.1. Міндеттері:
2.1.1. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды жүзеге асыру;
2.1.2. Кәсіпкерлік саласында өз құзыреті шегінде бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.
2.2.Функциялары:
2.2.1. Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар бойынша келісім-шарттар жасау, қаражатты бөлу, жоспарлау және игеру жұмыстарын ұйымдастырады;
2.2.2. Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдармен, даму институттарымен, облыстық және аумақтық ұйымдармен, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
2.2.3. Жергiлiктi атқарушы органдар мен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және нарықтық инфрақұрылым объектiлерi арасындағы қатынастарды дамыту стратегиясын айқындайды;
2.2.4. Маңғыстау облысы бойынша дамыту бағдарламасының кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша іс-шараларды жүзеге асырады, оның орындалуы туралы есептерді ұсынады;
2.2.5. Облыс әкімінің қатысуымен өткен кеңестерде және басқа да іс-шараларда ақпараттық, талдамалық және презентация материалдарын, сондай-ақ баяндамалардың мәтіндерін дайындайды;
2.2.6. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша меморандумдар әзірлейді, оларды бекітуге ұсынады, мониторинг жүргізеді, ақпарат береді;
2.2.7. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын іске асырады;
2.2.8. Орталық мемлекеттік органдармен, даму институттарымен, облыстық және аумақтық ұйымдармен, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктерімен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
2.2.9. Өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі көрсеткіштерінің ай сайынғы мониторингін жүргізеді;
2.2.10. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша шағын және орта бизнестің қазіргі жай-күйін талдау және ұсыныстар дайындау бойынша жұмысты жүзеге асырады;
2.2.11. Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсетудің ай сайынғы мониторингін жүзеге асырады;
2.2.12. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бөлігінде республикалық және жергілікті деңгейлердің стратегиялық, бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге қатысады.
2.2.13. Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің жұмысын ұйымдастырады;
2.2.14. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі жұмысты орындайды;
2.2.15. «Мен-кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту инструменті бойынша бизнес-процестерді автоматтандыру, ұйымдастыру, оңтайландыру, басқару мәселелері бойынша консультациялық қызметтерді уақытылы көрсетілуін қадағалайды;
2.2.16. ШОБ тұжырымдамалары бойынша талдау жүргізеді, жұмыстарды орындайды және ақпарат береді;
2.2.17. «ТАЗА ПАРАҚТАН» жүргізіліп жатқан реформа бойынша бизнесті жандандыру жөнінде бизнес субъектілері ұсынатын есептілік нысандарында деректердің қайталануын болдырмау мақсатында олардың өзектілігі тұрғысынан құқықтық актлерге тексеру жүргізу бойынша, соның ішінде кәсіпкерлерге тосқауыл болатын нормативтік құқықтық актлердің күшін жою немесе тармақтарын өзгерту бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
2.2.18. «МАҢҒЫСТАУ» КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС - нен сервистік қызметтер бойынша есептіліктің уақытылы және сапалы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
2.2.19. Мемлекет басшысының және Үкімет аппаратының, аппараттық кеңестің жүрмелі кеңестердің хаттамалық тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады;
2.2.20. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КЕШЕНДІ ДАМУ ЖОСПАРЫ бойынша тиісті көрсеткіштер мен іс-шараларға мониторингті жүзеге асырады, өзектендіру бойынша ұсыныстар әзірлейді, орындалуы туралы ақпараттың уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етеді;
2.2.21. «ҚАЗАҚСТАНДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2029 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ҰЛТ ЖОСПАРЫНЫҢ» шағын және орта бизнес үлесі бойынша көрсеткіштерге қол жеткізу туралы ақпарат береді;
2.2.22. Шағын және орта бизнестің қызметін анықтау, талдау және бақылау жұмыстарын жүргізеді; кәсіпкерлердің 2МП есеп беруін бақылайды, кедергілерді анықтау жұмыстарын жүргізеді;
2.2.23. Басқарма қызметі туралы баяндамалар мен слайдтарды және әкімнің халықпен кездесулеріне есептерін дайындайды;
2.2.24. «ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУДЫҢ 2029 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ БАҒДАРЛАМАСЫ» кешенді жоспарының тиісті көрсеткіштері мен іс-шараларына мониторинг жүргізу, өзектендіруге ұсыныстар әзірлейді;
2.2.25. Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы жағдайды зерделеуге, талдауға және болжауға, осының негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеуге, оларды іске асыруды ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарларын дайындауға қатысады;
2.2.26. Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді, арыздарды, шағымдарды уақтылы қарайды және оларды қолданыстағы заңнама аясында тиімді жүзеге асырады, әлеуметтік кәсіпкерлік тізілімін қалыптастыру жұмыстарын бақылайды;
2.2.27. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге сәйкес bнженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметін ұсыну бойынша жұмысты бақылайды;
2.2.28. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының субъектілерімен тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
2.2.29. ӨҮК қарауына құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, кәсіпкерлер жобаларының тізімін енгізеді;
2.2.30. Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы есептің тапсырылуын бақылайды;
2.2.31. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтайды;
2.2.32. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2.3. Құқықтары мен міндеттері:
Бөлім құқылы:
2.3.1. Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардан, заңды тұлғалардан, меншік нысандарына қарамастан қажетті құжаттарға, сонымен қатар құрылымдық бөлімшенің алдына қойылған тапсырмаларын орындауға байланысты сұрақтар бойынша ақпараттарды сұрауға және алуға;
2.3.2. Өзінің құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша шешім қабылдау және олардың жүзеге асырылуын бақылауға;
2.3.3. Сыртқы ұйымдармен қарым-қатынас сақтауға;
2.3.4. Басқарманың жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныс енгізуге;
2.3.5. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
Бөлім міндетті:
2.4.1. Құзіретіне кіретін сұрақтарды шешуде қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңдылықтарының талаптарын сақтауға;
2.4.2. Өз құзіреті шегінде жетекшілік ететін саласы бойынша мемлекеттік мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар жиналыстарында Басқарманың мүддесін қорғауға;
2.4.3. Бөлімге келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін нақтылы, жан-жақты және уақытылы қарауға;
2.4.4. Басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет туралы заң нормаларының тиісінше орындалуын бақылауға;
2.4.5. Құрылымдық бөлімшенің істер номенклатурасына сәйкес құжаттарды қалыптастыру мен сақтау бойынша іс қағаздар жүргізу нормаларының талаптарын сақтау және құжаттарды Басқарманың ведомстволық мұрағатына құжаттарды тапсыруға;
2.4.6.Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауға;
2.4.7.Бөлімнің құзіретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға.
3 - тарау. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру
3.1. Бөлім заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президенті актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сай өзінің негізгі тапсырмалары мен функцияларын жүзеге асыруда қажетті өкілеттілікке ие.
3.2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалатын және босатылатын басшысы Бөлімді басқарады.
3.3. Бөлім басшысы Бөлім қызметінде жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге міндеттелген тапсырмалар мен өзінің функцияларының жүзеге асуына жауапкершілік алады.