Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бөлімі
Бөлімнің міндеттері "Бизнестің жол картасы 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" (қалалар мен моноқалаларда кредит беру бөлігінде) мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауды іске асыру; облыста шағын және орта кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құруды және дамытуды қамтамасыз ету; Облыс аумағында кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамыту; жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынасын дамыту стратегиясын айқындау; облыстық деңгейде Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету.