Шымкент қаласы Қаратау ауданының Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі
Жалпы ақпарат
Бөлімнің міндеттеріне аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына кондоминиум нысандарын құру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, бюджетттік ұйымдар мен тұрғын үй қорларын жылыту маусымына дайындық жұмыстарын іске асыруға ықпал жасау, аудан аумағында санитарлық тазалық сонымен қатар, шөп ору, ағаш қырқу, әктеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен, өртке қарсы бөлімімен бірлесіп жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастыру, аудан бойынша сейсмонығайту жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыру жатады.