Туристік жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бөлімі
Туристік жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бөлімі (әрі қарай - Бөлім) «Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жеке құрылымдық бөлімі болып табылады. Бөлімнің негізгі міндеті туристік қызметті дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу, оның ішінде, туристік қызметтің сапасын арттыру мен сыртқы байланыстарды нығайту арқылы бәсекеге қабілетті туризм индустриясын дамытуға жағдай жасау болып табылады.
Бөлімнің негізгі функциялары:
- облыстағы туризм мен туризм индустриясын дамыту бойынша стратегиялық жоспарды, әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, перспективті, салалық, мақсатты бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
- бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлеу және Басқарма мен облыс басшыларына, жоғарғы тұрған органдар және басқа да мемлекеттік органдарға арналған есептерді дайындау;
- жобалық бақсару шеңберінде мақсаттық көрсеткіштер мен егжей-тегжейлі жоспарға сәйкес бастамалардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша турстік жобаларды жүзеге асыру жұмыстарына қатысу;
- Алматы облысында туристік кластерді дамытуға ат салысу;
-халықаралық туризмді дамытудағы ғылыми-техникалық, инвестициялық және инновациялық негізгі бағыттарды және болжамдарды дайындауға қатысу;
- Алматы облысындағы ұйымдар мен Қазақстан Республикасы өңірлері және шетел мемлекеттерінің туристік фирмалары арасында туристік байланыстарды орнату мен нығайту;
- кіру туризмі бойынша жарнамалық-ақпараттық қызметті ұйымдастыру;
- халықаралық, республикалық, өңірлік туристік іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру;
- туризм саласындағы халықаралық келісім мен келісімшарттың жобасын дайындау мен оны жүзеге асыруға қатысу;
- кіру туризмін дамытуда табиғатты қорғау мекемелерімен әрекеттесу;
- облыстың туристік имиджін қалыптастыру үшін ақпараттық-жарнамалық басылым жұмысына қатысу;
- туризм саласындағы халықаралық инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу;
- туристік іс-шараларды өткізуге бөлінетін бюджеттік қаражатты тарту арқылы кіру туризмін дамытуға арналған туристік іс-шаралар, фестивальдер, ақпараттық турлар, сайыстар, слетттер, альпиниадалар, оқыту-пысықтау жорықтары мен өзге де іс-шараларға қатысу және өткізу;
- халықаралық туризм саласында тәжірибе алмасу;
- Қазақстан Республикасында туризм мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауға қатысу;
- БАҚ-ты және Интернет ресурстарын қолдану арқылы туризм мен туристік қызметті насихаттауды ұйымдастыру;
-Басқарма басшысының келісімі бойынша қылмыс және құқықбұзушылық белгілерін анықтаған кезде тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына және басқа өкілетті органдарға тапсыру;
- сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға, мемлекеттік, еңбек тәртібін бекітуге бағытталған ұсыныстарды Басқарма қарауына ұсыну;
- бөлім қызметінің шеңберінде өзге де қызметтерді жүзеге асыру.