Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі
Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін басшылыққа алады Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларымен және қала әкімінің өкімдерімен, басшының бұйрықтарымен, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы туралы ережемен бекітілсін.