Тілдерді дамыту және ономастикалық жұмыс бөлімі
Орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, облыстық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының және қаладағы аудан әкімі аппараттарының, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардан және өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті тіл мәселелері жөнінде ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрауға, Бөлімнің құзырына кіретін мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тілдер туралы заңнаманың дұрыс қолданылуы жөнінде түсініктемелер береді.
Қоғамның экономикалық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын», идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған жол картасын облыста жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру, жүргізіліп жатқан мемлекеттік тіл саясатының және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі кешенді шаралардың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды үйлестіреді.