Тілдерді дамыту, сараптама және ономастикалық жұмыстар бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Тілдерді дамыту, сараптама және ономастикалық жұмыстар бөлімі - Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін ресімдеуді үйлестіру және бақылау бойынша жұмысты ұйымдастырады және бақылайды. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда тіл туралы заңнаманың сақталуын тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады. Жарнама және көрнекі ақпарат бойынша тілдік заңнама нормаларының сақталуын тексеру үшін рейдтерді ретке келтіру мақсатында жұмыстар жүргізеді. Облыстық ономастикалық комиссия отырыстарының жұмысын ұйымдастырады. Семинарларды, конференцияларды және басқа да іс-шараларды сапалы ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді. Аудандар, қалалар бойынша елді мекендердің атауларын сараптау, олардың тарихи атауларын қайтару, транскрипцияларды реттеу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда, басқармада, департаменттерде және мемлекеттік емес ұйымдарда тіл туралы заңнаманың, ТІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда тіл туралы заңнаманың сақталуын тексеру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Облыс бойынша мемлекеттік тілді оқыту жұмыстарының тиімділігін бақылауды жүзеге асырады. Іс-шараларды өткізу, мемлекеттік тіл оқытушылары үшін әдістемелік , оқыту және практикалық білім алмасу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Тілдерді оқыту мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асырады.