Тілдерді дамыту бөлімі

    Отдел развития языков

    Өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Тіл туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдіктің нормативтік – құқықтық актілерін, сонымен қоса осы ережені басшылыққа алады.

    Облыстағы тіл саясатын үйлестіру жөніндегі жұмыстардан – мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда және ұйымдарда, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын зерделеуден, тіл саясатының мәселелерінен туындайтын міндеттерді іске асырады.

    Бөлім өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі қызметтерді атқарады:

    - Қазақстан Республикасы «ҚР Тіл туралы» Заңының орындалуын ұйымдастыру және бақылау жасауды қамтамасыз етеді;

    - Тілдерді дамытудың өңірлік бағдарламаларын жасауға қатысу, жүргізіліп жатқан мемлекеттік тіл саясатының және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі кешенді шаралардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

    - Тілдер туралы заңнама талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар жасау;

    - «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғаларға тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы басшылыққа ұсыныс жасау;

    - Тіл саясаты саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру;

    - Тіл саясатының мәселелері жөнінде семинарлар, мәжілістер, конференциялар, конкурстар және басқа да көпшілік шараларды ұйымдастыру және өткізу:

    - Бұқаралық ақпарат құралдарында тіл саясатының жүзеге асырылу барысын және көрсетілу жағдайын қадағалау;

    - Баспасөз құралдарында тіл мәселесіне арналған мақалалар жазу, жарияланған материалдарды зерделеу, олар туралы деректер базасын жасауды қамтамасыз ету;

    - Облыстық мемлекеттік мекемелердегі, аудан, қаладағы тіл саясатын үйлестіру, мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарына қатысу, мемлекеттік тілдің қолданылу барысы жөніндегі қоғамдық пікірді зерттеп, материалдар дайындау;

    - «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының және оның филиалдарының жұмысына талдау жасау, тыңдаушыларға мониторинг жүргізу, Қазтест жүйесін енгізу бағытындағы жұмыстарды атқарады.

    Негізгі міндеттерді және өзінің қызметін іске асыру үшін бөлімнің:

    - Өзінің құзіреті шеңберінде жұмыс істеу үшін заңды тұлғалардан қажетті мәліметтерді сұратуға;

    - Бөлімнің қызметіне байланысты басқарма басшысының бұйрықтар жобасымеен танысуға;

    - Қаржы бөлімінің қызметіне байланысты құжаттар жобасын дайындауға қатысуға;

    - Осы ережеде қарастырылған міндеттерге байланысты, жұмысты жетілдіру жөнінде, басшылықтың қарауына ұсыныстар енгізуге;

    - Бөлімнің құзырына кіретін басқа да мәселелер бойынша басқарма басшысынан ақпараттар мен құжаттар алуға құқығы бар.