"Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ автомобиль жолдарын дамыту және күтіп ұстау бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Автомобиль жолдарын дамыту және күтіп ұстау бөлімі "Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және жол шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады

    Автомобиль жолдарын дамыту және күтіп ұстау бөлімі "Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және жол шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады

    Жетекшілік ететін салаға қатысты мемлекеттік бағдарламаларды, ұлттық жобаларды, жобалық кеңселерді, басқа да бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға бағытталған жұмысты жүзеге асырады;

    Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту бағдарламалары мен схемаларын әзірлеу, құрылысқа, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге жататын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жобалау-сметалық құжаттамасын қарау және келісу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

    Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жетілдіру және дамыту бойынша облыстың жол кәсіпорындарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

    Тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдерді уақтылы әзірлеуді және тапсыруды қамтамасыз етеді;

    Облыстың Жол шаруашылығын мемлекеттік реттеу, басқару және оның жұмыс істеуі жөніндегі нормативтік - құқықтық актілердің, құжаттардың жобаларын әзірлеу бойынша басшылықты жүзеге асырады;

    Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, басқарма басшысының бұйрықтары мен өкімдерін іске асыру және олардың орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

    Облыс әкімінің қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайда облыс әкімінің орынбасары жанынан жұмыс кеңестерін дайындау, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

    Мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттерінің сақталуын, әкімшілік рәсімдердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

    Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, жөндеуге және күтіп ұстауға, облыстық және аудандық маңызы бар, құрылысқа, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге жататын автомобиль жолдарының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге конкурстар дайындауды және өткізуді ұйымдастырады;

    Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен салудың орындалуына, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, жөндеу, күтіп ұстау, көгалдандыру бойынша орындалған жол жұмыстарының сапасы мен қабылдануына бақылауды жүзеге асырады;