Автомобиль жолдарын дамыту және ұстау бөлімі
Бөлім келесі функцияларды жүзеге асырады:
Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желісін және облыстың коммуналдық меншігіндегі жол кәсіпорындарын басқару;
Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
Бөлім өзіне жүктелген міндеттерден туындайтын және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін басқа да функцияларды орындай алады.