Өнеркәсіпті дамыту және қолдау бөлімі
Өнеркәсіпті және ғылымды дамыту бөлімі өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін және ғылыми-инновациялық дамуын қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік саясатты іске асырады.
«Өнеркәсіп көлемі», «Өңдеу өнеркәсібінің көлемі», «Негізгі капиталға тартылған инвестиция» көрсеткіштерінің жыл сайынғы болжамдарын әзірлейді, бекітілген жоспарға қол жеткізу бағытында талдау және мониторинг жұмыстарын жүргізеді.
Елішілік құндылықты арттыру, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, жүйеқұраушы кәсіпорындармен жұмыс істеу, өндірісте цифрлық технологияларды енгізуге ықпал етеді.
Ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулерді, инновациялық жобаларды және олардың коммерцияландырылуын қолдау жұмыстарын жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдармен, кәсіпкорындармен, ғылыми ұйымдармен және өзге де мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды ұйымдастырып, бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық жұмыстарды атқарады.