Цифрландыруды дамыту бөлімі
Жалпы ақпарат
- Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен өкімдерін, Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдерін, орталық мемлекеттік органдардың актілерін, әкімдіктің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін негізге ала отырып, ақпараттық технологиялар саласында қойылған міндеттерді тиімді және уақтылы орындайды;
- Жергілікті атқарушы органдар мен басқа да органдар мен ұйымдарда цифрландыру саласында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің инфрақұрылымын қалыптастырады, дамытады және оңтайландырады;
- Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі салаларын цифрландыру саласын дамытады;
- Басқармада ақпараттық қауіпсіздікті және техникалық құралдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
- Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараттық технологиялар инфрақұрылымын қалыптастырады, дамытады және оңтайландырады, басқаруда, жергілікті атқарушы органдарда және басқа да органдар мен ұйымдарда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелерді пайдалануды кеңейтеді.