Тең мүмкіндіктер бөлімі
Жалпы ақпарат
Тең мүмкіндіктер бөлімінің негізгі міндеттері:
1) мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және оңалтудың әлеуметтік қызметтерімен қамтамасыз етуді үйлестіру;
2) Алматы қаласында мүгедек адамдардың құқықтарын инклюзиялау және қорғау саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыру;
3) консультативтік-кеңесші органның – Алматы қаласының инклюзивті ортасын дамыту жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастыру.