Өнеркәсіп және елішілік құндылықты дамыту бөлімі
Елшілік құндылықты дамыту және құрылыс материалдарын өндіру бөлімі"Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы "мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Міндет:
жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша жұмыс жүргізу;
Функциялары:
1) жергілікті қамту үлесін ұлғайту бойынша құжаттарды үйлестіру, әзірлеу және іске асыру;
2) жергілікті қамтуды арттыру бойынша жұмыстар саласындағы мониторинг және талдау;
3) жергілікті қамтуды дамыту мәселелерінде мемлекеттік органдармен және кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
4) бөлімнің құзыреті шегінде атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың облыстың жергілікті қамтуды арттыру бойынша қызметін үйлестіру;
5) бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет - ресурстарда жергілікті қамтуды ұлғайту саласындағы мәселелерді жария етуді ұйымдастырады;
6) қазақстандық қамту мәселелері бойынша форумдарды, көрмелерді, тұсаукесерлерді, кеңестер мен семинарларды, "дөңгелек үстелдерді" ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ оларды облыста өткізу жөнінде ұсыныстар енгізу;…
7) ірі (жүйе құраушы) кәсіпорындар мен жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтудың мониторингі;
8) келіп түскен сауалдарға жауап ретінде құжаттарды, ақпаратты, есептерді дайындау, сондай-ақ жергілікті қамтуды дамыту мәселелеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын, ұсыныстары мен өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;
Міндет:
Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, басқа да орталық атқарушы органдармен, қалалық және аудандық атқарушы органдармен, облыстық басқармалармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Функциясы:
1) қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық Ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі консультативтік-кеңесші органның жұмысы бойынша мемлекеттік органдармен және кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау;
2) Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын, ұсыныстары мен өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;
3) форумдарды, семинарларды, тұсаукесерлерді, конференцияларды, конкурстарды, көрмелерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
4) материалдарды, есептерді, ақпаратты дайындау;
5) құрылыс индустриясын дамыту, құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және құрылыс материалдарын өндіру саласында мониторингті жүзеге асыру;
6) облыс әкімінің өңір бойынша жұмыс сапарларына және оның жұмыс сапарлары барысында берілген тапсырмаларының орындалуы туралы ақпарат дайындау.
7) Жоғары тұрған органдардың, облыс әкімінің, оның орынбасарларының тапсырмаларын орындауды жүзеге асыру;