Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бөлімінің қызметі

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау.
    2. Облыста агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламаларын іске асыру;
    3. Егін шаруашылығын дамыту бойынша шараларды іске асыру;
    4. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
    5. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
    6. Мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
    7. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
    8. Агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
    9. Отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;
    10. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;
    11. Бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;
    12. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
    13. Уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізу;
    14. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
    15. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана бойынша тұқымдар баланстарын жасау;
    16. Ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз ету;
    17. Құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;
    18. Бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізу;
    19. Сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
    20. Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңының 6-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілеу туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
    21. Субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды: тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша; әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша айқындау;
    1. Субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;
    2. Байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
    3. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
    4. Тұқым шаруашылығы жөнiндегі мемлекеттік инспектордың ұсынысы негізінде облыс әкімдігіне: субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын; тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізу;
    1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формулияциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрлерін лицензиялау;
    2. Қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
    3. Карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізу және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру;
    4. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік каратиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастыру;
    5. Уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiм қабылдау;
    6. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердiң Қазақстан Республикасы «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңында белгiленген мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттерiнiң орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
    7. Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
    8. Агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
    9. Сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасы «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңның талаптарын сақтамауы туралы істерді қарау;
    10. Өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұрату және алу;
    11. Өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн белгілеу;
    12. Агенттен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылардың тиiстi аумақтағы сақтандырылған өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi көрсетiлген тiзбесiн сұрату;
    13. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жанар-жағармай материалдарына қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану;
    14. Мына бағыттар бойынша облыстың агроөнеркәсіптік кешенін субсидиялауды жүзеге асырады: тұқым шаруашылығын дамыту; басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарын және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату; отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыш-тардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату; өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату; жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);
    15. Облыс бойынша егіс алқаптарын электронды картаға енгізу жұмыстарын жүргізу.
    16. Аудан, қалалардан егіс алқаптары бойынша күнделікті ақпарат жинау.