Түсімдерді болжау бөлімі
ҚР Бюджет кодексіне сәйкес алдағы үш жылға арналған облыстық бюджеттің түсімдерінің болжам жобасын әзірлеу;
Қазақстан Республикасының заңдарына және облыстық салық саясатына сәйкес, бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ұлғайту мәселелері бойынша салыстырмалық талдауға қатысады;
Аудандар мен қала әкімдіктерінің жергілікті бюджет түсімдеріне талдау жүргізіп, нәтижесі бойынша ұсыныс енгізу;
Облыстық бюджеттің кіріс түсімдеріне мониторинг жасау;
Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес экономикалық негіздеме негізінде салық және басқа да міндетті төлемдердің облыс бойынша әлеуметтік – экономикалық дамуының бес жылдық кезеңге және үш жылға арналған бюджеттік параметрлердің болжам кестесін жасап, облыс бойынша тиісті ақпараттар мен мәліметтер әзірлейді.
Жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджет түсімдерін қалыптастыру және ағымдағы кезеңге арналған облыстық бюджетті нақтылауға ұсыныстар беру;
Бюджеттік кіріс түсімдері бойынша болжамдық көрсеткіштерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Кіріс көздері бойынша облыстың 5 жылға арналған аймақтық даму бағдарламасы, облыс әкімі мен ҚР Премьер-министрі арасында түзілген түйінді нысаналы индикаторлар жөнінде тиісті мәліметтер әзірлейді;
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің орындалуы жөнінде күнделікті және ай сайын мәлімет дайындау;
Басқарма басшысы және оның орынбасарларының басқа да тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді.