"Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі

    Жалпы ақпарат

    2023 жылғы «____» _________

    №_______ бұйрығына 4-қосымша

    Мұнайлы ауданы әкімі аппарат басшысының

    «____» __________2022 жылғы

    №_______ бұйрығымен бекітілген

    Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің

    ЕРЕЖЕСІ

    1. Жалпы ереже
    1. 1. Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңына сәйкес мәселелерін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, әкімшілік рәсімдер туралы, тіл туралы, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, мемлекеттік қызметті реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімі мен аудан әкімінің өкімдерін, аппарат басшысының бұйрықтарын сондай-ақ, осы ережені басшылыққа алады.

    1.1. Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі:

    1) Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы;

    2) Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманынан тұрады.

    1. Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының

    терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы

    және аумақтық қорғаныс бөлімінің негізгі міндеттері,

    функциялары мен құқықтары

    2.1. Негізгі міндеттері:

    Мұнайлы ауданында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізуге;

    Мұнайлы ауданындағы терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ахуалға әсер ететін саяси, әлеуметтік - экономикалық, діни және өзге де процестерге мониторинг жасау, бағалау мен болжауға;

    Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою саласындағы қызметінің үйлесімділігіне кері ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға;

    Мұнайлы ауданындағы террористік тұрғыдан осал обьектілердің тізбесін әзірлеу, бекіту, өзгерту мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындауға;

    Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге;

    Жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмыстарына жәрдем көрсетеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық өткізетін оқуларына қатысуға;

    Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етуге;

    2.2. Функциялары:

    Қазақстан Республикасының заңнамасы мен құрылтай құжаттарында белгіленген демалыс, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамтамасыз ету және жұмыс режиміне қатысты барлық құқықтарды пайдалануға;

    Белгіленген уақытта мекеме басшысына кіріп, өз жұмыстарына байланысты мәселелерді айтуға;

    аудан әкiмі аппаратындағы әскери мiндеттi азаматтар есебiн жүргiзуді ұйымдастыру және әскери комиссариатпен байланыс жасау;

    аудан көлемінде төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру;

    Азаматтық қорғаныс мәселелері мен жұмылдыру жұмыстарын ұйымдастыру;

    Қазақстан Республикасының мерекелік күндері аудан көлемінде кезекшілікті ұйымдастыру.

    «Easy Project» кроссплатформасында жобаларды енгізу және оның іске асырылатын жобаларды уақытылы сапалы енгізілуін ұйымдастыру және бақылау;

    «Е-Otinish» ақпараттық жүйесімен өтініш берушімен кері байланыс ұстау арқылы өтініштерді уақылы қарау және жауап беру;

    Цифрландыру бойынша тиісті жұмыстар атқару.

    аудан көлемінде төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру;

    әскери тіркелім мен әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, броньға есепке қойылған әскери міндетті азаматтардың есебін жүргізу және тапсыру;

    қорғаныс істері жөніндегі органмен байланыс жұмыстарын, республикалық, азаматтық қорғау және төтенше жағдайларға, эвакуация, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын - алуды және жоюды;

    төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс - шаралар кешенін жасақтау, төтенше жағдайларды жою кезінде, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ұйымдардың материалдық - техникалық ресурстарын жұмылдыру, ауданның бейбіт кезеңге және соғыс кезеңге арналған азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және жоспарды Азаматтық Қорғаныстың бастығына бекітуге ұсыну, транспорт, байланыс мекемелерінің, энергетикалық отын және газ шаруашылықтарының жұмыстарын, аса қауіпті жұқпалы аурулардың келуі мен таралуының алдын - алу мақсатында эпидемияға қарсы төтенше комиссияның жұмысын, шекара мәселелері жұмыстарын үйлестіру;

    аудан әкiмі аппаратындағы әскери мiндеттi азаматтар есебiн жүргiзуге жауапты, әскери комиссариатпен байланыс жасау;

    әскери мiндеттi қызметкерлердi брондау бойынша жауапты, қызметті үйлестiредi және орындалуын қамтамасыз ету;

    2.3. Құқықтары:

    Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепілдік берілетін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

    Өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

    Белгіленген тәртіппен меншік нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;

    Бөлім жұмысына қатысты сұрақтарды отырыстарда қарастыруға құқылы.

    Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

    1. Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының

    терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы

    және аумақтық қорғаныс бөлімінің

    3.1. Аудан әкімі аппаратының терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы

    және аумақтық қорғаныс бөлімін басшысы басқарады. Бөлім басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес аудан әкімі тағайындайды және босатады.

    3.2. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауап береді.

    3.3. Бөлім басшысы бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді. Басшы болмаған уақытта оның міндеттерін бас маман атқарады.