Терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс жұмыстары бөлімі
Жалпы ақпарат
- Төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою бағытындағы шараларды ұйымдастыру;
- Төтенше жағдайлар туындаған кезде бейбіт уақытта және соғыс уақытында авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу арқылы адамдарды құтқару және эвакуациялау жұмыстарына қатынасу;
- Азаматтық қорғау күштерін құру, оларды даярлау және ұдайы әзірлікте ұстап тұруды ұйымдастыруды үйлестіру;
- Төтенше жағдай туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына хабар беру және құлақтандыруды қамтамасыз етуді үйлестіру;
- Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия жұмысын үйлестіру;
- Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
- Жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмыстарына жәрдем көрсетіп, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге ықпал ету;
- Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы құлақтандыруды және жеткізуді, жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге және арнаулы мемлекеттік органдарға техника берілуіне жәрдемдеседі;
- Авариялық - құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізілуін үйлестіреді;
- Ауданның төтенше жағдай жөніндегі бөлімімен бірлесіп орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қабылдау мен орналастыру жоспарына сәйкес халықты орналастыруды үйлестіреді;
- Аудан аумағында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
- Бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде жергілікті әскери басқару органдарының жұмысына көмек көрсету, аудан аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу жаттығуларды өткізуге ықпал етеді;
- Аудан аумағында мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, әскери жағдай мен соғыс уақытына көшіру жөніндегі кешенді іс- шараларды қамтамасыз етуге қатысады;
- Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының жұмылдыру жоспарын, сондай-ақ тиісті кезеңге тауарлар өндіру, қызмет көрсету мен жұмыстарды орындау жоспарларын жасайды;
- Жұмылдыру кезінде, әскери жағдай кезеңі мен соғыс уақытында ауданның жұмылдыру дайындығы мүддесінде мемлекеттік ұйымдармен және заңды тұлғалармен (жұмылдыру тапсырыстары мен тапсырмалары бар) тауарларды өндіру, қызмет көрсету мен жұмыстарды орындауға шарттар жасайды;
- Терроризм профилактикасы бойынша аудандағы мекемелердің қызметін үйлестіреді;
- Террористік қатерлер мен көріністердің мониторингін жүргізеді;
- Терроризмге қарсы ақпараттық - насихаттық іс - қимылдардың жүргізілуіне жәрдемдеседі;
- Террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғау үшін мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың дайындығы бойынша мәлімет жинақтайды;
- Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия жұмысын үйлестіреді;
- Аудандағы терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ахуалға әсер ететін саяси, әлеуметтік – экономикалық, діни және өзге де процестерге мониторинг жүргізеді;
- Террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін әзірлеу, бекіту өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар дайындайды;
- Терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс жұмыстары сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға ақпараттық әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді;
- Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;