Жобалық кеңсе бөлімі
Бөлімнің міндеттері:
Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, сондай-ақ Алматы облысы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалу сапасына бақылауды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының жобалық басқару қағидаларын іске асыру.
Бөлім қызметі:
Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау.
Жобалық персоналға және бағдарламаларға мүдделі қатысушыларға консультациялық-әдіснамалық, ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету, оның ішінде agile форматындағы апталық scrum-кесте бойынша бағдарламалардың базалық бағыттарын іске асыру топтарының жобалық топ жетекшілерімен, акселераторлармен және жобалық командалар қатысушыларымен бірлескен жұмысын ұйымдастыру.