Жобалау-сметалық құжаттама бөлімі "Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ"
Қызметі :
1) жобалауға арналған мәліметтерді жинақтау;
2) жобаларға толықтырулар мен өзгерістер жасауда, бастапқы берілген мәліметтерді жасау үшін жобалау институттарымен жұмыс жасау;
3) технико-экономикалық негіздемесі және жұмыс жобалары бойынша мемлекеттік сараптаманың, экология, өрт сөндіру, санитарлық-эпидиомологиялық қадағалау органдарынан қортындысын алу;
4) жетекшілік ететін сала бойынша жобалық-сметалық құжаттама және де технико-экономикалық негіздемесі бойынша бағдарлама әкімшілерімен жұмыс жүргізу;
5) жобалық-сметалық құжаттама және технико-экономикалық бойынша жобалауға тапсырмасын әзірлеу;
6) жобалау ұйымдарымен әзірлеу, жобалаушыдан альбомдарды келісу бойынша тұрақты, инженерлік желілерге қажетті техникалық шарттарды алу бойынша монополистермен тұрақты байланыс жасау;
7) жер актісін алу рұқсатының кезең-кезеңімен өтуін орындау, шешім мен қаулыны алу, объектінің жер учаскесінде орналасқан басқа жер учаскелерінің меншік иелерінен келісім алу, жерге орналастыру жобаларын келісу және тағы басқа;
8) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін ерsd.kz бірыңғай порталына жобалық-сметалық құжаттама жүктеу (жобаны жиынтықтаудан өту, жоба бойынша ресми ескертулерді жабу, шарттарға, келісулерге қол қоюды бақылау) ;
9) нысандардың оң сараптама қорытындысы мен құны бойынша уақтылы тіркеу және нысандар бойынша алынған сараптамаларына бұйрықтар әзірлеу;