Жобалау және күрделі жөндеу бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Үкіметінің қаулылары мен өкімдері, облыс әкімі шешімдері мен өкімдері, облыс әкімдігінің қаулылары, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің нормативтік актілері, тапсырмалары мен бұйрықтарының орындалуын қамтамасыз ету;
2) Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының басқармаға қатысты бөлігінде тиісті ұсыныс енгізу, дайындау, орындалуын ұйымдастыру;
3) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды салу, кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдауға ұсыныс беру, олардың ағымдағы және ұзақ мерзімді жоспарын дайындау, жобалау жұмыстарының титулдық тізімін құру;
4) жобалық-сметалық құжаттардың әзірленуіне бақылау жасап, нормативті-әдістемелік базаларды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау;
5) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың облыстық филиалдарымен және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау;
6) құрылыс саласына инвестиция тарту бойынша ұсыныстарды зерттеу, Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын нысандарды жобалау және құрылыс мәселелері бойынша аудан-қала әкімдіктері және салалық басқармалармен жұмыс жүргізу;
7) құрылысы жоспарланған нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға қажетті бастапқы құжаттардың сапалы және толық әзірленуіне бақылау жасау;
8) жобалардың қолданыстағы Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары және Құрылыс ережелеріне сәйкестігін анықтау мақсатында «Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалы немесе сараптама ұйымдарына енгізіп, белгіленген мерзімге сәйкес сараптама қорытындысын алуды қамтамасыз ету;
9) Түркістан облысының құрылыс басқармасы тапсырыс беруші болып табылатын аудан-қалалардағы нысандардың жобалық-сметалық құжаттамаларының әзірлену барысына мониторинг жүргізу, шұғыл ақпараттар мен мәліметтерді жинақтау және ұсыну, олардың сапалы орындалуын үйлестіру;
10) салалық басқармалардан келіп түскен ұсыныстарға сәйкес күрделі жөндеуге жататын әлеуметтік нысандардың жай-күйін анықтау мақсатында техникалық тексеру жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
11) заңнамада белгіленген тәртіппен жыл сайын елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, бюджет қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін нысандардың тізбесін әзірлеу және келісу;
12) күрделі жөндеу нысандарының жобалау-сметалық құжаттарын заңнама талаптарына сәйкес әзірлеу және келісу;
13) күрделі жөндеу нысандарында құрылыс-монтаждау жұмыстарының өндірістік күнтізбелік кестесін келісу және сақталуына бақылау жасау;
14) жөндеу жұмыстарының барысына мониторинг жүргізу, орындалған жұмыстардың нақты көлемін тексеру және сапалы орындалуын бақылау, анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдау;
15) бөлімнің құзіреті шегінде мердігер ұйымдар мен техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар тарапынан қабылданған келісімшарт міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
16) мердігер ұйымдар, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар тарапынан келісімшарт міндеттемелерін бұзу жағдайлары анықталған жағдайда бөлімнің құзіреті шегінде қолданыстағы заңнамада, сондай-ақ түзілген келісімшартта қаралған шараларды қолдану, оның орындалуына бақылау жасау;
18) бөлімнің құзіреті шегінде бюджеттің орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және оған бақылау жасау;
19) күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін жұмыстарды қабылдауды заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдастыру;
20) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың хаттары мен облыс әкімінің және басқарма басшысының тапсырмаларын белгіленген тәртіппен қарап, орындалуын ұйымдастыру;
21) өз құзіреті шегінде бюджеттің орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау жасау;
22) әзірленген жобалау-сметалық құжаттамаларында отандық материалдарды, жабдықтарды, тауарларды қолдану шарттарының болуына бақылауды жүзеге асыру;
23) Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасының құрылыс саласына қатысты бөлігінің орындалуын бақылау;
24) Мемлекет басшысының жолдауларының орындалуына мониторинг жүргізу;
25) Келіп түскен бюджеттік ұсыныстарды саралай отырып, жыл сайын елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;
26) облыс әкімінің тұрғындармен кездесуіне материалдар жасақтау, кездесулер нәтижесімен берілген тапсырмалардың орындалуын мониторинг жүргізу.
27) осы ережеде тікелей қаралмаған, бірақ бөлімнің жалпы қызметіне сәйкес құзіретіне қатысты өзге де жұмыстарды атқару.