Алматы қаласы Туризм департаментінің туризмді насихаттау бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлім қызметін ұйымдастырады; халықаралық туризмді дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға және нормативтік-құқықтық актілердің, туристік ұйымдар мен азаматтардың тапсырмаларының, өтінімдерінің және жүгіністерінің уақтылы орындалуына бақылау жасайды; туризм саласында заңнама және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады; туризмді дамытуға бағытталған негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастырады; республикалық, қалалық ұйымдармен, мекемелермен, жеке кәсіпорындармен, өзара әрекеттеседі; туризмді ілгерілету мәселелері бойынша республикалық, қалалық ұйымдармен, мекемелермен, жеке кәсіпорындармен өзара әрекеттеседі; республика министрліктерімен және ведомостволарымен, сондай-ақ туристерге қосалқы және ілеспе қызмет көрсетуші ұйымдармен өзара әрекеттеседі; Алматы қаласының оң имиджін қалыптастыру және маркетингтік ілгерілету бойынша жұмысты ұйымдастырады; халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелер мен фестивальдарға қатысуды қамтамасыз етеді; әлемнің дамыған туристік дестинацияларында роуд-шоу, воркшоп өткізуді қамтамасыз етеді; қаланың ресми делегациялары үшін экскурсиялар мен танысу сапарларын ұйымдастырады және өткізеді; шетелдік туристерді мәдени ортаның ерекшеліктері, бірегей туристік объектілері туралы және туристік ақпараттық орталықтарда өткізілетін оқиғалар туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; визуализация жолымен Алматы қаласы мен Алматы агломерациясының тарихы туралы шетелдік туристерді хабардар ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; туризмді дамыту мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен және қала жұртшылығымен ынтымақтасады; әртүрлі іс-шаралар өткізу шеңберінде туристік саланы танымал етеді; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның тікелей басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.