Туризмді ілгерілету бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Туризмді ілгерілету бөлімі «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» (бұдан әрі қарай - Басқарма) мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Туризмді ілгерілету бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыстық мәслихаттың шешімдерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Басқарма ережесін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

    Туризмді ілгерілету бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.

    Туризмді ілгерілету бөлімінің құрамына басқа құрылымдық бөлімшелер кірмейді.

    Туризмді ілгерілету бөлімі Басқарманың құрылымдық бөлімшесі бола отырып, заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

    Туризмді ілгерілету бөлімін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы» Ережеге сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын бөлім басшысы басқарады.

    Туризмді ілгерілету бөлімінің басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

    Бөлім басшысы басшыға туризмді ілгерілету бөлімі мамандарының құрылымы, штаттық орналасуы және штат кестесі бойынша ұсыныстарды бөлімнің әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің осы санаттағы лауазымның біліктілік талаптарына сәйкестігін және білімі мен жұмыс тәжірибесіне сәйкестігін ескере отырып ұсынады.

    Бөлім басшысы өз құзыреті шегінде туризмді ілгерілету бөлімінің қызметін үйлестіреді.

    Басқарма басшысының қолы қойылған басқа мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға жіберілетін туризмді ілгерілету және дамыту бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарма атынан құжаттарға орындаушы және бөлім басшысы бұрыштама қояды.