Инвестиция тарту бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Инвестиция тарту бөлімі халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және шетелдік инвесторлардың өңірге келуі үшін қолайлы жағдай қалыптастыру бойынша кешенді жұмыс жүргізеді. Бөлімнің негізгі бағыттары – шетелдік инвесторларды іздеу, тарту және сүйемелдеу, өңірдің инвестициялық әлеуетін халықаралық алаңдарда таныстыру, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша талдамалық материалдар мен ұсыныстар дайындау.

    Бөлім шетелдік компаниялармен, дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, сондай-ақ инвестициялық жобаларды бастапқы өтінімнен бастап объектіні пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңде сүйемелдейді. Бұдан бөлек, бөлім кәсіпкерлерге консультациялық қолдау көрсетеді, инвесторлардың міндеттемелерінің орындалуын мониторингтейді және әкімшілік кедергілерді жоюға жәрдемдеседі.