«Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы» КММ тұрғын үй қорын рәсімдеу бөлімі.
Жалпы ақпарат
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен мемлекеттік органдардың шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету. Тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалдау шарттарын рәсімдеу, коммуналдық тұрғын үй қорын басқару және тұрғын үйлердің мақсатты пайдаланылуын бақылау жұмыстарын жүргізу. Азаматтардың өтініштерін қарау, тұрғын үй мәселелері бойынша комиссия жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, тұрғын үй төлемдері мен субсидиялау үдерістеріне мониторинг жүргізу. Тұрғын үй саласындағы ақпараттық-талдамалық жұмыстарды ұйымдастыру және тұрғын үй бағдарламалары туралы ақпаратты халыққа жеткізу.