Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Функциялары:

    1. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету;
    2. Аудан аумағында агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу және олардың iске асырылуын қамтамасыз ету;
    3. Ауыл шаруашылығы субъектілерiн заңнамаға, осы саладағы мемлекеттiк, салалық, өңiрлiк бағдарламаларға және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
    4. Ауыл шаруашылығы субъектілеріне мемлекеттік аграрлық азық-түлiк саясатының негізгі бағыттары мен тетiктерiн түсiндіру жөнiндегi жұмыстарды жүргізу;
    5. Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу;
    6. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелерін ұйымдастыру;
    7. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға және мал шаруашылығы өнімдерінің, өсімдік шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыруға субсидиялар алуға және агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығындардың бір бөлігін инвестициялық салымдар арқылы өтеуге субсидиялар беруге жәрдемдесу;
    8. Мал шаруашылығында және өсімдік шаруашылығында асыл тұқымды селекциялық жұмысты ұйымдастыру;
    9. Ауыл шаруашылығын қайта техникалық жарақтандыруға жәрдемдесу және агросервисті ұйымдастыру, лизинг бойынша ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу жөніндегі шараларды қабылдау;
    10. Улы химикаттарды, пестицидтерді, гербицидтерді қолдану, сақтау және олармен жұмыс істеуде қауіпсіздікті сақтау бойынша іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыруға жәрдемдесу. Шаруашылықтарға ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу кезінде қолдануға арналған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар алуға көмек көрсету;
    11. Улы химикаттармен және пестицидтермен жұмыс істеу қызметі бойынша шаруашылықтарға лицензиялау құқықтарын алуға жәрдемдесу. Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен, арам шөптерімен және ауруларымен күресу іс-шараларын өткізуге шаруашылықтарға көмек көрсету;
    12. Саяжайлық және бау-бақшалық кооперативтердің қызметіне жәрдемдесу;
    13. Ауыл шаруашылығы дақылдарын қамбаға құю, сақтау және тұқымның сапасын тексеру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру, аудандастырылған, кондицияланған тұқымдар себуде шаруашылық жүргізуші субъектілерге жәрдем көрсету;
    14. Ауыл шаруашылығы өндірісінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық нысандарына жанар-жағармай материалдарын сатып алуға және егу мен жинау жұмыстарын жүргізу үшін суды пайдалануға, жанар-жағармай материалдарын алуға жұмсалған шығындарды өтеуге мемлекеттік субсидия алуға жәрдемдесу;
    15. Тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірлі белгілерін бере отырып, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерді, сондай - ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу;
    16. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерді, сондай - ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
    17. Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердің, сондай - ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың жыл сайынғы мемлекеттік техникалық тексерілуін жүргізу;
    18. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерді, сондай - ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру;
    19. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмысын және тамақ өнімдерін шығаруды талдау және болжауды жүзеге асыру;
    20. Тамақ өнеркәсібі саласы субъектілерінің озық технологияларды, саланың дамуындағы басым бағыттарды тарату жөніндегі қызметін үйлестіру;
    21. Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі саласында әлеуметтік - экономикалық дамудың рейтингтік бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша мониторинг, талдау және бақылау жүргізу;
    22. Инфляциялық процестерді тежеу бойынша мониторинг, талдау және шараларды жүзеге асыру;
    23. Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бөлімге жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
    24. Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
    25. Өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыру;
    26. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз ету.