Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

    Әкімдік туралы

    Мемлекеттік орган өзінің қызметтерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген төмендегідей қызметтерді (міндеттерге жауап береді) жүзеге асырады:

    1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің Жарлықтарын, әкімдік қаулыларын, аудан әкімінің шағын және орта бизнес саласында шешімдер мен тапсырмаларды орындау және бақылауды жүзеге асыру;

    2) Кәсіпкерліктің саласы:

    Аумақтық (аудандық, қалалық) шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау бағдарламасын әзірлеу.

    Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың мемлекеттік, облыстық, аумақтық бағдарламасының орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

    Шағын кәсіпкерлікті қолдауда инфрақұрылымының құрылу мен қалыптасуына көмек және қолдау көрсету.

    Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауда ассоциациялар, бизнес-инкубаторлар, шағын бизнестің орталықтары мен инфрақұрылымының басқа да объектілерімен өзара қарым-қатынас жасау.

    Әкімнің кәсіпкерлермен кездесулерін ұйымдастыру және өткізу.

    Шағын бизнес мәселелері жөнінде кеңестер, мәжілістер семинарлар «дөңгелек үстелдерді» және басқа да шараларды ұйымдастыру мен өткізуде қатысу.

    Халықаралық және қаржы институттарымен, қаржы, техникалық және кеңестік көмек көрсету мәселелермен басқа да ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасауды ұйымдастыру.

    Шағын бизнесті дамыту мониторингін (ШКС, жұмыспен қамтылғандар саны, өндірілген өнімнің көлемі, салық төлемдері) жүргізу.

    Шағын кәсіпкерлік субъектілері бойынша ақпараттық базаны құру және жаңарту жөніндегі жұмыс істеу.

    Шағын кәсіпкерлк субъектілері арасында анкеттілеу жүргізу.

    Аумақтық «шағын бизнес саласында жылдың ең таңдаулы кәсіпкері» конкурсын жүргізу.

    Кәсіпкерлердің белгіленген тәртіп бойынша өтініштер, арыздар мен жеке өнімдерін қарастыру.

    Облыстық және аудандық бюджет қаражаттарынан бұрын бөлінген несиелер мониторингін жүргізу.

    Екінші деңгейлі банктер, ауылдық несиелік серіктестіктер, микронесиелендіру ұйымдар, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Ауыл шаруашылығын дамыту қоры» АҚ-мен берілген шағынкәсіпкерлік субъектілеріне несие беру туралы ақпаратты жинау.

    Шағын және орта бизнес субъектілеріне облыстық және аудандық бюджет қаражаттарынан бөлінген несиелерді мақсаттылы пайдалануына тексеру жүргізу;

    Шағын кәсіпкерлік көрсеткіштері жөнінде әлеуметтік – экономикалық дамытудың ортамерзімді жоспарын құру;

    3) Туризм саласында;

    Туризмды дамыту мәселелері жөнінде перспективалы, ағымдағы, мақсаттылы бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру, және де туризмді дамыту жөнінде мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру.

    Жеке және заңды тұлғаларға туристік қызметпен айналысуға құжаттарын қарастыру және құқық беретін лицензияларды береді, меншік түріне қарамастан, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылығын бұзу жағдайында туристік қызметті жүргізуге құқық беретін лицензияны қайтарып алу.

    Туристік операторлық қызмет, туристік агенттік қызмет және туризм инструкторының қызметі жөнінде лицензиялық ережелердің сақталуына бақылау, лицензияны есептеу және құжаттарды жүргізу.

    Халықаралық және ішкі туризмді дамыту, материалдық-техникалық базаны тиімді, сапалы пайдалану мен нығайту, ақпараттық-жарнама істі дамыту, кластерлік дамыту мен қызметтің басқа да бағыттары саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру жөнінде облыстық басқа да ұйымдарымен өзара қарым-қатынас жасау.

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әрекеттегі ұйымдардың саласын дамыту, кеңейту және қайта жаңарту үшін инвестицияларды тарту жөнінде бір стратегияны, сондай ақ туристік, басқа да өнімді өндіру үшін іске асыру.

    Туристік құрылыстарды пайдалануға енгізу мен қауіпсіздік техникасының ережелерінің нормативтары мен талаптарын сақтауда бақылауды жүзеге асыру.

    Туризм саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіруде ұсыныстар енгізу.

    Бұқаралық ақпарат құралдары, баспа, радио, теледидар арқылы салада ақпараттық-жарнамалық және баспалық істі жүзеге асыру, халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу.

    Басқа ведомстволар мен қоғамдық ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылатын туристік шаралардың жоспарын үйлестіру, шаралардың бірізді күнтізбелік жоспарларын әзірлеу, олардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру;

    4) Өнеркәсіптің базалық салаларын дамыту саласы:

    2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясы саласында бірізді мемлекеттік саясатты іске асыруда қатысу;

    аумақтық индустриалды-инновациялық дамыту бағдаламасын әзірлеу және іске асыру.

    Өнеркәсіпті және оның инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде заңнамалық және нормативті актілердің жобаларына ұсыныстар енгізу.

    Жұмыссыз тұрған кәсіпорындарды қайта жаңарту және жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде мониторингін жүргізу.

    Натуралды және ақшалай көріністе ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша, салаларға бөліп мониторинг жүргізу.

    Ауданның кіші және ірі кәсіпорындары бойынша жалпылай мониторинг жүргізу.

    Аудандық әкімдік мәжілісіне материал, өнеркәсіп кәсіпорындарымен жедел жұмыс үшін әртүрлі ақпаратты дайындау.

    5) Сапаның стандарттарын енгізу және индустриалды-инновациялық дамыту саласы:

    Аумақтық индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасының әзірлеуіне қатысу және іске асыру.

    Инновациялық қызметтің мамандырылған және инвестициялық субъектілерін құруда қатысу.

    Қабылданған бағыттарға сәйкес, жалпыэкономикалық және әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларды таңдау мен бағалауда қатысу.

    Инвестицияларды, соның ішінде шетелдіктерді тарту үшін кәсіпорындарға жағымды жағдайларды құруға көмектесу.

    Жергілікті атқарушы органдарға, басқа да мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен кәсіпорындарға индустриалды-инновациялық дамыту мәселелері жөнінде әдістемелік көмек көрсету.

    ИСО сапасының 9000, 12000 және т.б. сериялы халықаралық стандарттарын енгізу мәселелері жөнінде шаруашылық субъектілерге көмек көрсету.

    Импортты ауыстыратын өнімдерді және экспортты диверсификациялау жөнінде мемлекеттік шараларды жүзеге асыруға қатысу.

    Аумақтық экономикалық реформаларды тереңдету және өндіріс күштерінің сұлбасын әзірлеуге қатысу;

    6) Жер қойнаулары және өндіріс инфрақұрылымын дамыту саласы:

    «2005-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрылғылар өнеркәсібін дамыту бағдарламасын» жүзеге асыру мониторингін жүргізу.

    Жер қойнауларын барлауға контракт жасаған, барлаушылардың лицензиялық-контрактылық жағдайларды орындау мониторингін жүргізу.

    Электр және газбен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде «2004-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ауылдық аймақтарын дамыту бағдарламасын» жүзеге асыруға қатысу.

    «2004-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының газ саласын дамыту бағдарламасын» жүзеге асыруға қатысу.

    Электроэнергия және газ көлемдері мен бағаны белгілеу жөнінде мониторинг жүргізу;

    7) Сауда және қызметтер саласы:

    Сауда және қызметтер саласында заңнаманың орындалуы жөнінде мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің қызметін үйлестіру. Сауда және қызметтер саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуде қатысу және жүзеге асыру.

    Әлеуметтік маңызды тауарлар мен қызметтердің бағаларына мониторинг жүргізу, меншік түріне қарамастан мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен ұйымдардың ерекше тауарлар бағаларын тұрақтандыру, инфляцияның деңгейін зерттеу және төмендету жөнінде қызметін үйлестіру.

    Сауда қызметі мен қызметтер саласы мониторингін жүзеге асыру.

    Тауарларды өндіру және сату үшін жағымды жағдайларды құру, қызметтер саласы және сауда қызметін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

    Сауданы дамытумен байланысты, сауда көрмелер, жәрмеңкелер, аукциондар, байқаулар мен басқа да шараларды жүргізуге қатысу және дайындау.

    Сауда қатынастарын жетілдіру мақсатымен қоғамдық бірлестіктер, жеке кәсіпкерлер және азаматтардың ұсыныстарды қарау және талдау жүргізу.

    Сауда саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу және дайындау.

    Мемлекеттік органның негізгі міндеттері:

    Кәсіпкерлікті дамыту саласында бірізді саясатты жүргізуін қамтамасыз ету және басымдық бағыттарды белгілеу.

    Кәсіпкерлікті дамыту және қолдауда аумақтық және мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге қатысу және жүзеге асыру.

    Кәсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымын дамыту.

    Осы салада халықаралық ынтымақтастық және туризм саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және қалыптастыруға қатысу.

    Туризм саласында ғылыми зерттеулерді мүдделі ведомстволармен бірлесіп ұйымдастыру және жүргізу.

    2006 жылға дейін мерзімге Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамыту Стратегиясын жүзеге асыру.

    Өнеркәсіптік кәсіпорындардың күштерін өсіру жөнінде аумақтық бағдарламаларды әзірлеуде қатысу және жүзеге асыру.

    Инвестициялар, соның ішінде шетелдіктерді тарту жөнінде жағымды жағдайларды құру жөнінде көмектесу.

    Кәсіпкерлік, лицензиялау, сауда және қызметтер саласында, өнеркәсіптің базалық саласындағы индустриалды-инновациялық дамыту және сапа стандарттарын енгізу, жер қойнауларын барлау және өндіріс инфрақұрылымдарын дамыту қызметтері жөнінде талдау жүргізу, келісілген қалыптар жөнінде облыстық атқарушы органдарға экономиканың осы бағыттары бойынша уақытылы есеп тапсырады;

    Мемлекеттік органның негізгі қызметтері мен міндеттерін іске асыруға қажетті құқықтар:

    Бөлімге жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындауға қажетті, белгіленген тәртіп бойынша ұйымдар мен кәсіпорындар, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан ақпарат пен материалдарды сұрауға.

    Қаржы-несиелік, инвестициялық, жекешелендіру, салық саясаты және басқа да жағдайлардың мәселелері жөнінде шешімдерді әзірлеуге қатысады.

    Оларға қызмет көрсететін жұмыс топтары мен кеңестік комиссиялардың жұмысында қатысуға.

    Мемлекеттік бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша қазақстандық және шетел консультанттарын, кеңесшілерін және сарапшыларды контракті негізінде тартуға.

    Бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша мәжілістер, конференциялар мен басқа да шаралар жүргізуге.