Кәсіпкерлік бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Кәсіпкерлік бөлімі"Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы "мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Міндет:

    облыста шағын және орта бизнестің дамуына мониторинг және талдау жасау:

    Функциялары:

    1) шағын және орта бизнес субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштерінің мониторингі;

    2) негізгі ұлттық индикаторлардың Стратегиялық картасына енгізілген Бөлім құзыретіне кіретін индикаторларды орындау.

    3) шағын және орта бизнес мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын, өтініштерін қарау;

    4) тиісті органдарға есептердің, әртүрлі ақпараттың уақтылы берілуін бақылау.

    5) халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасау.

    Міндет:

    1) "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру»

    2) Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек»;

    3) "Қос Қолдау", "Атамекен Қостанай" өңірлік бағдарламаларын іске асыру.

    Функциялары:

    1) "Даму "кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-мен, екінші деңгейдегі банктермен, микрокредиттік және микроқаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;

    2) қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде келісімдерді, шарттарды, бюджеттік өтінімдерді дайындау және әзірлеу;

    3) кәсіпкерлердің "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға және бизнесті дамытуға арналған өтінімдері бойынша гранттық қаржыландыру және жетіспейтін инфрақұрылымды тарту бөлігінде материалдарды қабылдау, бағалау, дайындау.

    4) Қостанай облысын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысын жүргізу және ұйымдастыру

    Міндет:

    кәсіпкерлік мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға және жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруге қатысу:

    Функциялары:

    1) іскерлік ахуалды жақсарту, рұқсат беру рәсімдерін қысқарту мақсатында нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар жинау және талдау
    әкімшілік кедергілерді жою және;

    2) кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштері мәселелері бойынша қалалық және аудандық атқарушы органдармен, облыстық статистика басқармасымен және облыстық салық департаментімен өзара іс-қимыл жасау;

    3) облыс әкімдігі жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және өткізу;

    4) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен, басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдармен кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

    5) кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;

    6) жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша форумдарды, кеңестерді, конференцияларды ұйымдастыру және өткізу;

    Міндет:

    1) Жоғары тұрған органдардың, облыс әкімінің, оның орынбасарларының құжаттарын орындауды жүзеге асыру;

    Функциясы:

    1) өңірде кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша ақпарат дайындау.