Құқықтық жұмыс бөлімі
«Лисаков қаласы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің құқықтық жұмыс бөлімініңқұзыретіне:
1) «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жанынан жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру.
3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
4) мемлекеттік мекемелер әзірлейтін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға, оның ішінде оларды мемлекеттік мекеменің басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысу;
5) қала әкімінің тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік мекеменің құжаттарын дайындау;
6) мүдделі құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп контрагенттермен жасалған шарттардың, келісімдердің, келісімшарттардың, мәмілелердің жобаларын дайындау, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес олардың заңдылығын қамтамасыз ету.