Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі
Бөлім "Павлодар облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады және білім басқармасының басшысына, Білім басқармасы бастығының орынбасарына бағынады.
Ұйымдастыру-кадрлық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңдарын, басқа да нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімдігі мен әкімінің актілерін, Облыстың білім басқармасы және бөлім туралы ережелерді, басқару Регламентін басшылыққа алады.
Ұйымдастыру-кадрлық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі келесі негізгі міндеттерді жүзеге асырады:
- білім беру ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерінде мемлекеттік саясатты іске асыру;
- білім беруді басқару органдарының ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз ету;
- Облыстың білім беру мекемелерінің педагогикалық және басшы кадрлармен қамтамасыз етілуін талдау, жаңа мамандарды даярлау бөлігінде болжауды жүзеге асыру.
Ұйымдастыру-кадрлық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің функционалдық міндеттері:
- білім беруді басқару органдарының жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
- Кадрлық жұмыс, құжаттамалық қамтамасыз ету және Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және орындау;
- білім басқармасының алқа мен мәжілісіне материалдар дайындау, білім басқармасының алқа шешімдерінің орындалуын бақылау;
- қалалар мен аудандардың білім беру жүйесі жағдайына кешенді мониторинг ұйымдастыруға және жүргізуге, облыстың білім беру мекемелерінің қызметіне рейтингтік бағалау жүргізуге қатысу;
- облыстың білім беру ұйымдары мен мекемелерін кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудандық (қалалық) қызметін үйлестіру;
- облыстың білім беру ұйымдарының басшы және педагог кадрларының сапалық құрамы бойынша мониторингті жүзеге асыру;
- кадрларды даярлауға және түлектерді бөлуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша оқу орындарымен жұмысты ұйымдастыру;
- облыстың білім беру жүйесі қызметкерлеріне марапаттау материалдарын рәсімдеу;
- облыстың білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін, облыстық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларын, Білім басқармасының мемлекеттік қызметшілерін аттестаттау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында кадрларды іріктеу және орналастыру мониторингін жүзеге асыру, басшы және педагог кадрлардың қажеттілігі мен ауысушылығын талдау;
- облыстың білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін, облыстық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларын, білім басқармасының мемлекеттік қызметшілерін даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- облыстық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларын, білім басқармасының мемлекеттік қызметшілерін тағайындау бойынша конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру және өткізу;
- мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша басқарманың қызметін қамтамасыз ету, резервті қалыптастыру және кадрларды ротациялау бойынша мониторинг жүргізу;
мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес ақпаратты жинау, оны талдау және персоналды басқару бойынша қорытынды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- кадрлар бойынша статистикалық есептілікті қалыптастыру және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігіне, мемлекеттік қызмет агенттігіне, облыс әкімдігіне тапсыру;;
- электрондық құжат айналымы жүйесінде құжаттардың орындалуын бақылау;
- жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздары мен өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен есепке алуды жүргізу, қарау.
Бөлім құрамы:
Бос орын |
Бөлім басшысының |
Шагманов Александр Кабдрахманович |
Бас маман |
Бос орын |
Бас маман |