Бюджеттік инвестициялық жобаларды дайындау және сүйемелдеу және заңмен қамтамасыз ету бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлім:

    Мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді;

    Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіреді;

    Мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысады;

    мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды дайындайды;

    Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік органда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыруды насихаттау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;

    заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда мемлекеттік органның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның атынан түсініктемелер дайындайды;

    шарттарды уақтылы жасасуды, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған кезде экономикалық ықпал ету шараларын қолдануды үйлестіруді қамтамасыз етеді;

    тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында мемлекеттік органның қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін талдайды және оларды жою және кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

    заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, барлық сот сатыларында мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөнінде уақтылы шаралар қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібімен наразылық келтіру туралы өтінішхаттармен жүгінеді;

    заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;

    Бюджеттік инвестициялық жобаларды дайындау және сүйемелдеу;

    Мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады.