Текелі қаласының бизнесті қолдау және туризм бөлімі
«Текелі қаласының бизнесті қолдау және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі Текелі қаласы мен Рудничный ауылдық округі аумағында кәсіпкерлікті дамыту және туризм саласында қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің негізгі міндеттері Текелі қаласы мен Рудничный ауылдық округі аумағында туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ туристік қызметті дамытуға жәрдемдесу және оның тұрақты өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Бөлім өз құзыреті шегінде туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және қызметті үйлестіреді, саланың дамуы туралы ақпаратты жинауды, талдауды және ұсынуды жүзеге асырады, туристік ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді, туристік индустрия объектілерін жоспарлау мен салуды үйлестіреді, балалар мен жастар туристік лагерьлері мен бірлестіктерінің дамуына жәрдемдеседі, туристік ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді, туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.