Балалардың құқықтарын қорғау бөлімі
Балалардың құқықтарын қорғау бөлімі
- Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
- Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың, қатыгез қарым-қатынастың және буллингтің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл;
- Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін, әл-ауқатын қамтамасыз ету және қиын өмірлік жағдайдағы балаларға көмек көрсету;
- Балалардың құқықтарының бұзылуын ерте анықтау және олардың алдын алу;
- Қылмыстық процесте балалардың құқықтарын қорғауды құқықтық сүйемелдеу;
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен және зорлық-зомбылықтың куәгері болған балаларды сүйемелдеу және оларға көмек көрсетуді үйлестіру;
- Кәмелетке толмағандарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету қажеттіліктерін бағалау және тиісті шараларды ұйымдастыру;
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асырылуын бақылау;
- Балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік жобаларды жоспарлау, үйлестіру және іске асыру;
- Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен кешенді жоспарлардың орындалуын бақылау;
- Балалар арасындағы суицидтің, құқық бұзушылықтардың, зорлық-зомбылықтың және буллингтің профилактикасы;
- Мемлекеттік органдармен, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру;
- Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.