Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлім

    Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлім туралы

    Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімнің функциялары:

    - «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметін жүргізу: оралман мәртебесін беру туралы өтініштерді қабылдау, тіркеу, «Қандас» ДҚ ААЖ-не енгізу, шешім дайындау, оралман куәлігін дайындау, тиісті мемлекеттік органға тапсыру;

    - «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» осы мемлекеттік қызметті көрсетудің Стандартына және Регламентіне сәйкес жүзеге асырылуын ұйымдастыру, тиісті мемлекеттік органмен тапсыру-қабылдап алу актілерін, ай сайын салыстыру актілерін тексеру;

    - «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау: жеке тұлғалардан және тиісті мемлекеттік мекемелерден түскен өтініштер мен хаттарды «Қандас» ДҚ ААЖ-де тексеріп, жою немесе аудару шараларын жүргізу, телнұсқалар беру;

    - Ай сайын және тоқсан сайын статистикалық есептіліктердің, мәліметтер мен ақпараттардың сапалы әзірленуін және белгіленген мерзімдерде жоғары тұрған және тиісті мемлекеттік органдарға ұсынылуын қамтамасыз ету;

    - Қандастар көші-қонына мониторингісін жүргізуді қадағалау, шетелден келген оралмандардың саны жөніндегі тоқсан сайынғы есептілікті жоғары тұрған және тиісті мемлекеттік органдарға ұсынылуын қамтамасыз ету.

    -Ерікті қоныс аудару бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қоныстандырушы өңірлермен өзара тығыз байланыс орнату: бос жұмыс орындары туралы мәліметтер дайындау, қажет мамандықтарға қайта даярлауға, қоныс аударуға ықпал ету;

    - Қандастар мен қоныс аударушылардың өтініштері мен құжаттарын қарау мәселелері бойынша жүктелген жұмыстарды атқару: қоныс аударуға ниет білдірген азаматтардың түйіндемелерін, қажетті құжаттарын дайындап, айқындалған өңірлерге жіберу;

    - Қоныс аударушылар туралы жалпы мәліметтерді, есептілікті әзірлеп, тиісті органдарға ұсыну;

    - Өзге өңірлерге қоныс аударушыларға мониторинг жүргізу, қоныстандырушы өңірлермен ақпарат алмасу: кездесулер, бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты ақпараттандыру шараларын ұйымдастыру;

    - Мемлекеттік мекемелерге, жоғары тұрған органдарға жіберілетін ақпараттар мен мәліметтерді дайындау, жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер мен хаттарды орындау;

    - Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту осы мемлекеттік қызметті көрсетудің Стандартына және Регламентіне сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

    - Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту үшін өтініштер мен құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарау;

    - Өтініштерді заңдарда белгіленген тәртіппен мерзімінде қарау;

    - Жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығына тапсыру құқығын жоғалтқан этникалық қазақтардың өтініштерін қабылдау, тіркеу, қандас мәртебесін ұзарту;