Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы-этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімі
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы – этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімнің міндеттері мен функциялары:
- Міндеті: этносаралық келісімді, толеранттылықты, Қазақстан халқының бірлігін, диаспоралдық саясатты және отандастармен өзара іс-қимылды нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру, бөлім құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында салааралық үйлестіру.
Функциялары:
1) Жергілікті атқарушы органдар тарапынан ішкі саяси тұрақтылықты, халық бірлігі мен қоғамды топтастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарын үйлестіру, өңірдегі этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) этносаралық сала мәселелері бойынша ҚР Президенті мен Үкіметінің, өңірлер әкімі мен әкімдігінің актілері және тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
3) этносаралық қатынастар саласындағы өңірлік бағдарламалық құжаттар мен жоспарларды әзірлеп, оларды іске асыруды үйлестіру;
4) ҚХА қызметін қамтамасыз ету, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметін үйлестіру, олардың жұмыс жоспарын бекіту;
5) ҚХА-ны дамыту тұжырымдамасы (2025 жылға дейін) және оның іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың қызметін орындау мониторингін жүргізу және үйлестіру. Іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы есепті жарты жылда бір рет 15 шілдеге және 15 қаңтарға дейін ҚР МАМ-ге тапсыру;
6) өңірдегі этносаралық жағдай мен оның даму үрдістеріне мониторингті, зерделеу мен талдауды қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік диаспоралдық саясатты жүзеге асыруға қатысу, оның ішінде «Отандастар» КЕАҚ-мен өзара іс-қимыл жасау, елге келген қандастар жағдайына мониторинг және талдау жасау, олармен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
8) этносаралық қатынастар саласындағы жұмысты ұйымдастыру және өңірде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекет дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын тиімді іске асыру бойынша ұсынымдар әзірлеу және оны іс жүзінде орындау;
9) этносаралық салада мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру;
10) барлық деңгейдегі әкімдіктердің этносаралық шиеленіс пен жанжалды болдырмау жөніндегі шараларын үйлестіру;
11) этносаралық алауыздыққа ықпал ететін БАҚ пен әлеуметтік желілердегі материалдарды мониторингтеу және анықтау, осындай фактілерді болғызбау жөніндегі көзделген құқықтық шараларды қолдануға бастамашылық ету;
12) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен жүзеге асыру, өңірлік әлеуметтік зерттеулерді жүргізу жоспарын, олардың бағдарламалары (зерттеу және іріктеу әдістері және т. б.) мен тәсілдерін (сауалнама парақтарын) келісу;
13) өңірдің этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимыл, оның ішінде этномәдени бірлестіктерді аккредиттеу;
14) өңірлердегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың ахуалы мен перспективалары туралы жоғары тұрған мемлекеттік органдарға есептерді жинақтап, әзірлеу;
15) этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі арыздар мен шағымдарды қарастыру.
Телефон: 534-516
Е- mail: [email protected]