Діни бірлестіктермен байланыстар және мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі бөлім

    Жалпы ақпарат
      1. Жалпы ережелер
        1. Діни бірлестіктермен байланыс және дін саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімі (бұдан әрі – бөлім) «Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» ММ (бұдан әрі - басқарма) діни қызмет, Діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл және мемлекеттік қызметтер көрсету саласында басшылықты жүзеге асыратын басқарудың құрылымдық буыны болып табылады.
        2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге, сондай-ақ басқарма басшысының бұйрықтары мен өкімдеріне сәйкес жүзеге асырады.
        3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.