Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлім
Жалпы ақпарат
Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының
кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімі (әрі қарай – бөлім) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ (әрі қарай – әкім аппараты) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және аудан әкіміне, жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына бағынады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілері, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы», Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы Заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымдық, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының штаттық кестесіне сәйкес бекітіледі.
- Бөлім құралады:
- бөлім басшысы;
- бас инспектор;
- бас маман;
- бас маман.
- Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
- Мақсаты: Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру.
Функциялары:
- бизнесті қолдау бағдарламаларын жеткізу және түсіндіру мақсатындаа бизнес өкілдерімен аудандық семинар-жиналыстар ұйымдастыру;
- кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін тұлғаларға, кәсіпкерлерге ақпараттық-түсіндіру түріндегі көмек көрсету;
- мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға мүдделі кәсіпкерлер санын ұлғайту;
- мемлекеттік бағдарламаларға қатысушылардың жобаларын іске асырылуын бақылау;
- Міндеті: Меншік нысанына қарамастан ауданда орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдардың аналитикалық анықтамасын жинақтау, статистикалық мәліметтерді саралау, негізгі экономикалық көрсеткіштерді жүйелі жоспарлау және қол жеткізу үшін жұмыстар жүргізу.
Функциялары:
- өндірістік кәсіпорындардың айсайынғы 1-п есептілігін уақытылы тапсыруын қадағалау;
- кәсіпорындардың айсайынғы 1-инвест есептілігін уақытылы тапсыруын қадағалау;
- ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін ақпараттарды жинау;
- өндірістік кәсіпорындардың жұмысына мониторинг және талдау жасау;
- салынып жатқан объектілер бойынша мониторинг және ақпарат жинау (түгендеу);
- Міндеті: өнеркәсіп, сауда, құрылыс, көлік саласындағы жетекшілік ететін кәсіпорындарды дамыту, қызметтер көрсету және өзге де салалар бойынша ұйымдастыру және үйлестіру іс-шараларын жүргізу.
Функциялары:
- кәсіпорындар берешегінің және қызметкерлерге жалақы төлеудің мониторингі;
- қалалық және аудандық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жәрдем көрсетеді;
- ауданда «демалыс күні» жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу;
- Наурызбай ауданында баға мониторингі және инфляциялық процестерді тежеу жөніндегі жұмыс тобының жұмысын ұйымдастыру;
- іргелес аумақты абаттандыру және санитарлық тазарту мәселелері бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен жұмыс жүргізу;
- кәсіпкерлік субъектілеріне, бос тұрған үй-жайларға және жер учаскелеріне қатысты толық деректер базасын құру;
- қайрымдылық көмек көрсетуге жәрдемдесу.
- Міндеті: салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу.
Функциялары:
- ауданның мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп жаңадан тіркелген кәсіпорындардың тізімін әзірлейді;
- аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлерді қайта тіркеу жұмыстарын жүргізу;
- жаңа заңды тұлғаларды анықтау бойынша бірлескен тексерулер жүргізу;
- жаңадан ашылған жұмыс орындары бойынша Мониторинг және талдау;
- меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтерді жинау, анықтамалар мен талдау материалдарын дайындау.
- Міндеті: қоғамдық көлік жұмысынының жай-күйін мониторингтеу және талдау.
Функциялары:
- жаңа бағыттарды ұйымдастыру мәселелері бойынша уәкілетті органға ұсыныстар енгізуге құқылы;
- қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
- Міндеті: Ауданның мүдделі қызметтерімен бірлесіп белгіленбеген орындарда сауданы жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Функциялары:
- заңсыз сауда орындарын анықтау бойынша уәкілетті органдармен бірлескен мониторингтік жұмыстарды жүргізу;
- өз бетінше орналастырылатын жарнамалық және өзге де хабарландыруларды, оның ішінде уәкілетті органның ұсынған деректері негізінде жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
- Құқығы және міндеттері:
- өз құзыреті шегінде бөлімдерден, құрылымдық бөлімшелердің, аудандық қызметтер мен ұйымдардың басшыларынан жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды, анықтамаларды, мәліметтерді және өзге де материалдарды сұрату және алу;
- бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу;
- ауданның, қаланың және әкім аппаратының тиісті қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;
- бөлім қызметінің саласына кіретін мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін, шағымдарын және өтініштерін қарау.
- Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімініңқызметін ұйымдастыру
- Бөлім қызметкерлері лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген жұмыс жағдайына дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, еңбек және атқарушылық тәртіпке жауап береді және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.