Діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлім

    Жалпы ақпарат

    Діни бірлестіктермен, миссионерлермен және теологиялық

    оқу орындармен жұмыс бөлімінің негізгі мақсаттары, функциялары,

    құқықтары және міндеттері

    1. Мақсаты: Астана қаласындағы діни бірлестіктермен өзара iс-қимыл, азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын іске асыру және конфессияаралық келісімді нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру.
    2. Функциялары:

    1) азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру мен іске асыруға үлес қосу;

    2) жақын және алыс шет елдерінің тәжірибесін зерделеу және діни бірлестіктермен өзара iс-қимыл саласында халықаралық және аумақтық байланысты кеңейту;

    3) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жобасын әзірлеу;

    4) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

    5) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар жобасын дайындау;

    6) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

    7) ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарайды;

    8) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім жобасын әзірлеу;

    9) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізу шараларын ұйымдастыру;

    10) миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеу;

    11) Басқарма құзіретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

    12) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңеспен өзара iс-қимыл орнату;

    13) Қазақстан Республикасының «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Заңында көзделген талаптардың орындалуын бақылау;

    14) мемлекеттің дін саласындағы бірыңғай саясатын жүргізу мәселелері бойынша мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, діни конфессиялар, жастар, қоғамдық және басқа да бірлестіктермен өзара байланысты жүзеге асыру;

    15) діни бірлестіктер басшылығымен миссионерлік қызмет, ғибадат ғимараттарынан тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуы, діни ахуалға мониторинг жүргізу, миссионерлерді тіркеу мәселелері бойынша өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету;

    16) діни бірлестіктердің, діни білім беру ұйымдарының, миссионерлердің қызметі және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын іске асыру саласындағы үдерістерді талдау мен нәтижелерін жинақтап қорыту, жан-жақты және объективті зерделеу;

    17) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру;

    18) жерлеу және жерлеу ісі саласындағы жұмысты үйлестіру.

    1. Құқықтары мен міндеттері:

    1) Мемлекеттік мекеме басшылығының тапсырмаларын орындау;

    2) Функционалдық міндеттерді орындауға қатысты жұмысты жетілдіру үшін ұсыныстар енгізу;

    3) Басқарманың құзіретіне жататын Әкімнің және Әкімдіктің актілерінің жобаларын дайындау;

    4) Әкімдік пен Астана қаласының мәслихаты бекітетін бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;

    5) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрату және алу, Басқарма құзырына жататын мәселелер бойынша құжаттар әзірлеуге мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтар құру;

    6) діни бірлестіктердің қызметі мен оларды құру және конфессияаралық келісімді, сондай-ақ азаматтардың діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге ұсыныстар енгізу;

    7) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

    8) Басқарманың атынан өз құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, «дөңгелек үстелдер» және өзге де отырыстар өткізу;

    9) Бөлімге міндеттелген мақсаттарды тиісінше іске асыру және оларды уақытылы орындау.