Құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімі
Құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің міндеті – құқық бұзушылықтың профилактикасы, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, нашақорлық және есірткі бизнесі мәселелері бойынша прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, әділет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі және экономикалық тергеу департаменттерімен облыс әкімінің және облыс әкімі аппаратының өзара қарым-қатынастың және осы бағыттар бойынша ведомствоаралық комиссиялар мен штабтың қызметін қамтамасыз ету салаларында жетекшілік етеді.
Аталған міндеттерді орындау үшін бөлімге келесідей функциялар жүктеледі:
1) Прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, әділет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі және экономикалық тергеу департаментімен құқық бұзушылықтың профилактикасы, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, қоғамдық –саяси ахуал, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, нашақорлық және есірткі бизнесі, республикалық және өңірлік жедел штаб мәселелері бойынша қарым-қатынасты қамтамасыз етеді;
2) Қоғамды құқық бұзушылықтың алдын алуға тарту бойынша жұмыс тобын құру, облыс бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру және талдау жүргізеді;
3) Криминогенді жағдайға байланысты қажетті жұмыс тобын құру мен жұмыс жоспарын әзірлеуді ұйымдастырады және облыстық құқық қорғау органдарымен келісіле отырып, бекітілуін қамтамасыз етеді;
4) «Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге сервистік тәсілдерді енгізу» жобасының жүзеге асырылуын бақылау, ұйымдастыру;
5) Облыс аумағындағы кәсіпкерлік және басқа да нысандарда карантиндік шектеу шараларының орындалуын бақылайтын мониторингтік топтардың қызметін ұйымдастырады;
6) Аумақты дамыту бағдарламасында көрсетілген сыбайлас жемқорлықтың деңгейін азайту және төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша мақсатты индикаторлардың орындалуын бақылау және ұйымдастыруды жүзеге асырады;
7) Облыс аумағында рұқсат етілген және етілмеген бейбіт шерулер мен басқа да шерулердің өтілуі бойынша ҚР Президенті әкімшілігіне есеп береді;
8) Облыс аумағында орын алған қоғамдық – саяси жағдайларға күнделікті бақылау жасайды;
9) Әділет, прокуратура, полиция департаментімен, қылмыстық-атқару жүйесінің департаментімен, құқық бұзушылықтың профилактикасы, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, нашақорлық және есірткі бизнесінің мәселелері бойынша қарым-қатынасты қамтамасыз етеді;
10) Облыс аумағындағы қылмысты тудыратын жағдайға талдау жұмыстарын жүргізу, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру ведомствоаралық штабтың отырыстарында қаралатын материалдарды дайындайды және облыс әкімі мен орынбасарларының хаттамалық тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізеді.
11) Облыс аумағындағы қалалар мен аудандар әкімдерінің, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы басым бағыттарын анықтауға қатысады, қоғамда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тарту бойынша ұсыныстар әзірлейді;
12) Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінің, облыс әкімдігінің, облыс әкімінің, мәслихат сессиялары шешімдерін орындау мәселелері бойынша қылмыстық-атқару жүйесі, құқық бұзушылықтың алдын алу, заңдылық пен құқық қорғау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
13) Облыс аумағында құқық бұзушылықтың алдын-алу, «Нөлді төзімділік» принціпін қамтамасыз ету бойынша салалық бағдарламалар мен жоспарларды жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
14) Облыс әкімінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссиясы отырысын ұйымдастыру, дайындау және отырысының хаттамалық шешімдерін орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
15) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс – шаралар жоспарын орындалуын қамтамасыз етеді;
16) Маңғыстау облысы әкімдігі жобалық басқарудың регламентіне сәйкес «Базалық бағыттарды, сондай-ақ үлгілік базалық бағытты басқару» бойынша тиісті жұмыстарды орындайды, ұйымдастырады;
17) Бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарайды;
18) Бөлім бойынша ақпараттар мен анықтамалық мәліметтерді дайындайды.
19) Мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен және ұйымдармен бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша хат алмасу, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша;
20) Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінен, облыстың мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқада материалдарды сұрату;
21) ҚР заңнамаларының талаптарын бұзғаны үшін, сонымен бірге жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын уақытылы және тиісті орындамағаны үшін, оларды орындауға жауапты мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде аппарат басшысына ұсыныстар беру;