Құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімі
Жалпы ақпарат
Бөлімнің міндеті облыс әкімі мен облыс әкімі аппаратының құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады.
Сондай-ақ, бөлім құқық бұзушылықтардың алдын алу, нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, адам саудасына қарсы іс-қимыл, шекара мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық комиссиялардың және облыс әкімдігі жанында жұмыс істейтін басқа да консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз етеді.
Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімінің тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.