Педагог қызметкерлермен жұмыс жасау жөніндегі бөлімі
Функциялар:
бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру, бөлім жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарлауын ұйымдастыру;
«Сапалы білім» ұлттық жобасын, «Білімді ұлт» бағытын, «Нұр Отан» партиясының меморандумдары мен жол картасын бөлімнің құзыреті шеңберінде іске асыру;
мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсету: «Педагогтарды аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау», «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау»;
педагогикалық қызметке қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бөлімнің құзыреті шеңберінде тікелей қарастыру;
ҚР «Білім туралы» Заңын, ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді іске асыру шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
«Үздік педагог» атағына конкурс өткізу жұмыстарын ұйымдастыру;
педагогикалық жұмыс мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімдігінің актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
білім беру ұйымдарындағы педагог кадрларға деген қажеттілік пен кадр айналымына мониторинг жүргізу, облыстың білім беру ұйымдарын педагогтармен қамтамасыз ету бойынша басшылыққа ұсыныстар енгізу;
білім беру басқармасының алқасын дайындау және өткізу, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен кеңестер ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
облыс педагогтарын марапаттау жұмыстарын жүргізу, ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан марапатталатын білім беру ұйымдары қызметкерлеріне қатысты марапаттау материалдарын дайындау;
құзыретіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жүргізу;
облыстың білім беру ұйымдарындағы педагогтердің сапалық құрамына мониторинг жүргізу;
қалалар мен аудандардағы педагог кадрларға қажеттілік мәселелері бойынша білім беру жүйесінің жай-күйіне кешенді мониторинг жүргізуді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
облыс педагог кадрларын аттестаттау рәсімін өткізу;
облыстың білім беру ұйымдары басшыларын тағайындау бойынша конкурс рәсімдерін өткізу;
мемлекеттік мекеме болып табылатын облыстық бағынысты ұйымдардың басшы орынбасарларын тағайындауға келісім рәсімін өткізу;
мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын білім беру ұйымдары басшы орынбасарларын тағайындау бойынша конкурс рәсімдерін өткізу;
білім беру ұйымдарының бас бухгалтерлерін тағайындауға келісім рәсімін өткізу;
жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша үйлестіру және қолдау көрсету, облыстағы ЖОО мен колледждердің педагогикалық мамандық түлектерін бөлуге қатысу;
облыстық арнайы білім беру ұйымдары мен ТжКБ басшыларының, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау ұйымдарының әдістемелік қызметін жүзеге асыру;
облыс педагогтарының курстық қайта даярлау мен біліктілігін арттырудан өтуін бақылау;
қажетті ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау, облыс әкімінің аппаратымен және басқа да мемлекеттік органдармен курируемый мәселелер бойынша хат алмасуды жүргізу;
педагог қызметкерлер мәселелері бойынша қалалар мен аудандардың білім беру жүйесінің жағдайына кешенді мониторингті ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
облыс білім беру ұйымдары басшыларының ротация рәсімін өткізу;
мемлекеттік органның персоналды басқару құрылымын тікелей әзірлеу және іске асыру;
мемлекеттік органның міндеттері, миссиясы және мақсаттары шеңберінде педагог қызметкерлерге қатысты жобаларды әзірлеу және іске асыру;
ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңын іске асыру аясында облыс педагогтарын «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттау және 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы сыйақы беру бойынша конкурс рәсімдерін өткізу;
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасын іске асыру;
қалалық және аудандық білім бөлімдерінің білім беру жүйесін дамыту бойынша қызметін рейтингтік бағалау жұмыстарын жүргізу;
облыстық іс-шараларды ұйымдастыру: «Тамыз конференциясы», «Мұғалімдер күні» және бөлім құзыретіне кіретін басқа да шаралар;
қолданыстағы заңнамада және басқарма туралы Ережеде көзделген өзге де функцияларды бөлімнің құзыреті шеңберінде жүзеге асыру.
Арымбекова Фариза Тулеутаевна |
Бөлім басшысы |
Баденова Анара Балтабековна |
Бас маман |
Жумабаева Баян Кайратовна |
Бас маман |
Қаскен Мерей Бейбітқызы |
Бас маман |
Байбурина Динара Оразаловна |
Статистик |