Персоналды басқару және педагог кадрлармен жұмыс бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Маңғыстау облысының білім басқармасының

    Персоналды басқару және педагог кадрлармен жұмыс бөлімі туралы

    ЕРЕЖЕ

    1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

    1.1. Персоналды басқару және педагог кадрлармен жұмыс бөлімінің басшысы (одан әрі – Бөлім басшысы) Маңғыстау облысының білім басқармасы (одан әрі – Басқарма) басшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалады және босатылады.

    1.2. Бөлім басшысының негізгі тапсырмалары уақытылы және сапалы жұмысты қамтамасыз ету, соның ішінде іс жүргізу жұмыстарын, сонымен қатар жоғары және басқа да мемлекеттік органдардың, басшының тапсырмаларын орындауды ұйымдастыруды бақылауға алу. Бөлім қызметіне жалпы басшылық ету.

    1.3. Бөлім басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін басқарма басшысының бұйрығына сәйкес, бас маман атқарады.

    2. МІНДЕТТЕРІ

    2.1. Тікелей басқарма басшысына бағынады; Бөлімнің алдағы және ағымдағы кезеңдерге арналған жұмысты жоспарлайды;

    2.2. Басқарманың мемлекеттік қызметшілердің тұтас жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіреді; Мемлекеттік қызметкерлердің тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз етеді;

    2.3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен, облыс әкімінің және Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен, алғысымен марапаттау үшін материалдарды әзірлеу, ұсыну және оларды табыстауды ұйымдастырады;

    2.4. Білім басқармасының және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары басшыларының жеке іс-қағаздарын ұйымдастырады;

    2.5. Ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары басшыларын аттестаттаудан және қайта аттесаттаудан өткізуді ұйымдастырады;

    2.6. Аудандық (қалалық) білім бөлімдеріндегі, білім беру ұйымдарындағы басшыларының бос орындарына кандидаттарды іріктеу конкурстарын ұйымдастырады және қадағалайды;

    2.7. Аудандық (қалалық) білім бөлімдеріндегі, білім беру ұйымдарындағы басшы құрамын аттестаттауды өткізуді ұйымдастырады;

    2.8. Облыстағы педагог кадрларға біліктілік санатын беру және аттестаттауды ұйымастырады; Жалпы педагог кадрлар туралы жұмысты үйлестіреді; Біліктілік санатты мұғалімдердің үлесін көбейту жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді;

    2.9. Білім беру ұйымдарының басшыларын ратоциялау жұмыстарын жүргізеді;

    2.10. Бөлімге келіп түскен арыз, шағымдарға заң шеңберінде жауап беруін ұйымдастырады;

    2.11. Аппарат қызметкерлерінің жұмыс уақытының табелін жүргізеді;

    2.12. Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшыларының бос орындарына кандидаттар іріктеу конкурстарын қадағалайды;

    2.13. Жас мамандарды жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады және қадағалайды.

    2.14. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің жұмысын ұйымдастырады.

    2.15. Білім саласындағы кадрлық саясатты іске асырады, «Үздік педагог» конкурсының жұмысын үйлестіреді.

    2.16. Жетекшілік ететін мәселесі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік қызмет көрсерту тиісті стандарттары мен регламенттерін сақтайды. Еңбек тәртібін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңның сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларын және басқа да нормаларын сақтайды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңында белгіленген өзге де міндеттерін жүзеге асырады.