Өтініштермен жұмыс істеу, бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
Бөлім:
Қала әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қызметін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік – құқықтық актілерінің, облыс, қала әкімдерінің шешімдерінің, өкімдерінің, облыстық және қалалық әкімдіктердің қаулыларының, облыс әкімінің тапсырмаларының орындалу барысына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
Тоқсан сайын қала әкіміне жоғары тұрған органдардың актілерінің орындалу барысы туралы талдау әзірлейді.
Әр айдың бірінші сәрсенбісінде «Бақылау күнін» ұйымдастырады.
Қала әкімі аппаратындағы іс жүргізу барысына бақылау жүргізеді.
Қалалық әкімдік отырысын әкімдік регламентіне қатаң сәйкестікте өткізуді ұйымдастырады.
Мемлекеттік тілде іс жүргізуді ұйымдастырады.
Кіріс, шығыс құжаттарды, қала әкімінің шешімдерін, өкімдерін, қала әкімдігінің қаулыларын, азаматтардың өтініштерін тіркеуді және өтініш берушілерге жауап жолдауды қамтамасыз етеді.
Ресми хаттардың орындалу мерзіміне және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзіміне бақылау жасауды жүзеге асырады.
Қала әкімі аппаратының істер номенклатурасын әзірлейді, оны қалалық мұрағатпен келіседі.
Мұрағатқа тапсыру үшін құжаттарды дайындайды.
Қала әкімі аппаратының бөлімдерімен бірлесе отырып, тоқсандық жұмыс жоспарларын әзірлейді.
Бөлімге келіп түскен хаттар мен өтініштерді қарастырады.
Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша дербес бөлімдерге, кент әкімдіктеріне ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, ҚР Үкіметінің қаулыларын, облыс, қала әкімдерінің шешімдерін, өкімдерін, облыстық және қалалық әкімдіктердің қаулыларын орындау барысында тәжірибелік көмек көрсетеді.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңнаманы бұзбау және іс жүргізу мәселесі бойынша кент әкімдері аппараттарында, дербес бөлімдерде Заңдардың, ҚР Президенті Жарлықтарының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, облыс, қала әкімдері шешімдерінің, өкімдерінің, облыс және қала әкімдіктері қаулыларының орындалуына тексеріс жүргізеді. Қажет болған жағдайда ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, ҚР Үкіметінің қаулыларын, облыс, қала әкімдерінің шешімдерін, өкімдерін, облыс, қала әкімдіктерінің қаулыларын бұзған немесе орындамаған лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза белгілеу туралы ұсыныстар енгізеді.