Медициналық-әлеуметтік мекемелермен жұмыс бөлімі
Медициналық - әлеуметтік мекемелермен жұмыс бөлімінің негізгі міндеттері:
1) Басқарма басқару органы болып табылатын бағынысты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін медициналық-әлеуметтік мекемелер қызметін үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру
2) халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады
3) ведомстволық бағынысты мекемелердің/ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғау саласында азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуін бақылау;
4) Алматы қаласы аудандар әкімдері аппараттарына қарасты жалғызбасты мүгедектер мен қарт адамдарға, мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерімен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге әдістемелік басшылық етуді жүзеге асыру;
5) арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету;
6) үкіметтік емес сектор арқылы жүзеге асатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша бизнес пен әріптестікті дамыту және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын қадағалау.