Маңғыстау облысының қаржы басқармасының мемлекеттің қатысатын заңды тұлғалармен жұмыс жасау бөлімі
Мемлекеттің қатысатын заңды тұлғалармен жұмыс жасау бөлімі «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасының ережелері) және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже, Департаменттің бұйрықтары, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. Басқарманың құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.